29 мамыр 2016 10:46

Ақтөбеде куәгер үш полицейдің бір қызға күш қолданған сәтін видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram.com/aktobe_zello © instagram.com/aktobe_zello

Ақтөбеде куәгер үш полицейдің бір қызға күш қолданған сәтін видеоға түсіріп алды. Оқиға 27 мамырда болған, - делінеді Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында.


Ақтөбеде куәгер үш полицейдің бір қызға күш қолданған сәтін видеоға түсіріп алды. Оқиға 27 мамырда болған, - делінеді Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында.

Кадрлардан форма киген үш ер адамның бір қызды "УАЗ" патруль машинасына күштеп отырғызып жатқанын көруге болады. Ролик авторы қыздың жолдың рұқсат етілмеген жерінен өткенін хабарлады. Ал қолданушылар құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің әрекетін сөге бастады.  

Ал Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдері Tengrinews.kz тілшісіне азаматшаның шын мәнінде жолдың рұқсат етілмеген бөлігінен өткені үшін тоқтатқанын растады. Алайда полицейлер қызға күш қолдануға мәжбүр болыпты.  

"Полиция қызметкері жақындап келіп, өзін таныстырып, құжаттарын сұраған, қыз болса қарсы болған. Екінші қызметкер келіп, құжатын сұраған. Қыз сонда да бой бермеген. Дөрекі түрде қарсылығын білдірген. Бұл оқиға портатив видеотіргішке түсірілді. Сол уақытта оның аты-жөнін анықтау мақсатында жол полициясы бөліміне жеткізді. Сөйтсе, құжаттары жоқ болып шығыпты. Қала тұрғыны жолды рұқсат етілмеген жерден өткені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Полиция қызметкерлерінің әрекетінен ешқандай да құқықбұзушылық қарастырылып отырған жоқ. Барлығы заң шеңберінде болды. Қыз өз кінәсін мойындады", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети