10 шілде 2019 12:50

Ақтөбеде мас жүргізуші әйелді қағып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© autolab24.ru © autolab24.ru

8 шілдеде 20:30-да "Лада Приора" маркалы автокөлік жүргізушісі "Мерей" сауда үйіне қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".


8 шілдеде 20:30-да "Лада Приора" маркалы автокөлік жүргізушісі "Мерей" сауда үйіне қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншіні қағып кетті, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Ақтөбе облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілдері жүргізушінің Қонаев көшесінің бойында "Мерей" сауда орталығына қарама-қарсы тұста жаяу жүргіншілерге арналған жолмен өтіп бара жатқан әйелді қағып кеткенін айтты. 

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан әйел адам әр түрлі дене жарақатымен Ақтөбедегі аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілген. Медициналық сараптама қорытындысы бойынша көлік тізгініндегі ер адам мас күйде болған. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 2-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша тергеу шаралары жүріп жатыр", - деді ведомство баспасөз қызметінің өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети