Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Ақтөбеде мас күйде көлік жүргізгеннен кейін жұмыстан босатылған полицей қызметін жалғастырып жатыр

02 Шілде 2015, 11:49
0

Ақтөбе облысы Көші-қон полициясы басқармасының басшысының орынбасары Қадырбек Аманбаев 3 жыл бұрын мас күйде көлік жүргізгені үшін көлік жүргізу куәлігінен айырылған болатын, - деп жазады "Диапазон".

Басылымның мәліметінше, оқиға 2014 жылдың қараша айында болды, бұл уақытта жол полициясының қызметкерлері ескерту дабылынсыз маневр жасаған Lada маркалы автомобильді тоқтатады. Олардың айтуынша, жүргізуші өзін полиция қызметкерімін деп таныстырып, инспекторларды жұмыстан шығарамын деп қорқытқан. Құжаттарды тексеру кезінде көлікке бөтен номердің бекітілгені, ал жүргізуші Қадырбек Аманбаевтың мас болғаны анықталды. Кейін оның қанында алкоголь табылады.

Ал Аманбаевтың айтуынша, ол досымен бірге келе жатқан және сау болған, автопатрульдің бұйрығымен тоқтап, күткен. Полицей келіп, көлік кілтін суырып, кетіп қалған. Осы кезде ол полицияға хабарласып, оқиғаны баяндайды. Досы тәртіп сақшыларының келуін күтпей, кетіп қалған. Күн суық болғаннан кейін жүз грамм арақ ішкен. Аманбаев тізгінге отырмағанын атап өтті. Әкімшілік сот оның сөзіне сенбей, жүргізу куәлігінен айырды.

Кейін ІІД қызметтік тергеу жүргізіп, қызмет тәртібін бұзғаны үшін Аманбаевты жұмыстан шығарды. Ол сотқа шағымданып, жұмыс орнын қалпына келтіруді талап етті. Кейін оның жұмыстан заңсыз шығарылғаны белгілі болды, себебі ІІД оны жұмыстан шығару туралы бұйрықты оқиғадан бір ай өткеннен кейін шығарды, яғни ІІД бекітілген мерзімді бұзды. Таяуда Қадырбек Аманбаев полициядағы қызметіне қайта кірісті.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай