19 қараша 2014 20:25

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген жүкті әйел ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©aguaga.ru ©aguaga.ru

Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген жүкті әйел ұсталды, - деп хабарлайды NewTimes.kz.


Ақтөбеде мас күйінде көлік жүргізген жүкті әйел ұсталды, - деп хабарлайды NewTimes.kz.

Ақтөбе облыстық соты баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамандандырылған әкімшілік сотта Ақтөбе қаласының тұрғынына қатысты әкімшілік іс қаралған. Ол көлік жүргізуге құқығы жоқ болса да, оның үстіне өзі жүкті бола тұра, мас күйінде Honda автокөлігін жүргізген. 

Сот қаулысына сәйкес, азаматша әкімшілік құқық бұзушылық жасады деп танылып, оған 200 АЕК көлемінде 370400 теңге әкімшілік айыппұл салынған. Қалалық прокуратура оның тек айыппұлмен құтылып кеткенін жеткізді, себебі, Қазақстан заңнамасына сәйкес, жүкті әйелдерге әкімшілік қамау шарасы қолданылмайды.

Бұдан бұрын осы жылдың қаңтар-шілде айларында Қазақстанда 20 008 адам көлікті мас күйінде басқарып ұсталғаны хабарланған болатын. Оның 15 658-і көлік басқару құқынан айрылса, 4230 адам әкімшілік қамауға алынған. Ал қалған материалдар бүгінгі таңда соттың қарауында жатыр. Еске сала кетейік, 30 сәуірден бастап Қазақстанда жол жүру ережесін бұзған жүргізушілерге тағылатын әкімшілік жауапкершіліктің жаңа шарттары күшіне енген. Егер көлікті мас күйінде жүргізсе немесе мас адамға берсе жүргізуші куәлігінен 3 жылға айырылады. Көлiк құралдары жүргiзушiлерi қозғалыстың белгiленген жылдамдығын сағатына он километрден жиырма километрге дейiнгi шамаға арттырып жiберсе 10 АЕК, ал жылдамдығын сағатына қырық километрден астам шамаға арттыру 30 АЕК көлемінде жазаланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети