© smolnarod.ru
Ақтөбе қаласында гаражда газ балоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Ақтөбе қаласында гаражда газ балоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Оқиға жексенбі күні сағат 11:42-де Тілеу батыр көшесінде тіркелді. Гаражда сақталған баллон жарылып, 10 шаршы метр жер өртенген.
"Өрт 11:58-де толық сөндірілді. Өрт оқиғасы кезінде зардап шеккен 82 жастағы гараж иесі мен көршісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Өртті сөндіруге 5 арнайы техника мен жеке құрамның 18 қызметкері жұмылдырылған.