10 маусым 2019 14:44

Ақтөбеде өрт салдарынан екі адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© smolnarod.ru © smolnarod.ru

Ақтөбе қаласында гаражда газ балоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Ақтөбе қаласында гаражда газ балоны жарылып, екі адам ауруханаға түсті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Оқиға жексенбі күні сағат 11:42-де Тілеу батыр көшесінде тіркелді. Гаражда сақталған баллон жарылып, 10 шаршы метр жер өртенген. 

"Өрт 11:58-де толық сөндірілді. Өрт оқиғасы кезінде зардап шеккен 82 жастағы гараж иесі мен көршісі жарақат алып ауруханаға жеткізілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Өртті сөндіруге 5 арнайы техника мен жеке құрамның 18 қызметкері жұмылдырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети