23 қаңтар 2017 12:55

Ақтөбеде отставкадағы подполковник ұшты-күйлі жоғалып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде отставкадағы подполковник жоғалып кетті. Туыстары 20 қаңтарда үйінен шығып кетіп, әлі күнге оралмаған 42 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбеде отставкадағы подполковник жоғалып кетті. Туыстары 20 қаңтарда үйінен шығып кетіп, әлі күнге оралмаған 42 жастағы ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Із-түссіз жоғалған Байжомарт Жиеналиннің жоғалғаны жайлы хабарды туыстары әлеуметтік желілерде таратып жатыр.

"Ағамыз 20 қаңтарда 17.00-де үйден шығып кеткен. Үш баласы бар, оларға тез арада қайтып келетінін айтыпты. Сөйтіп, жоғалды. 20 қаңтарда түнге қарай оны өзіміз іздей бастадық, полицияға арыз жаздық, олар жедел түрде жұмысқа кірісті. Байжомарт - отставкадағы подполковник, әскери дәрігер болып қызмет еткен. Денсаулық жағдайына байланысты қарулы күштерден қызметтен кетті. Талып қала береді, сондықтан уайымдап отырмыз. Біреулер оны алып кетуі де мүмкін. Телефоны мен құжаттарын үйге тастап кетті. Бұған дейін ешқашан кетіп көрмеген, үлгілі әке. Туыстарымызбен іздестіріп жатырмыз, бірақ оны ешкім де көрмеген", - деді тілшімізге ер адамның бауыры.

Ақтөбе облыстық ІІД өкілдері ер адамды іздестіріп жатқанын растады. Байжомарт Жиеналин туралы мәлімет білетіндерден 87013672919 телефонына хабарласу сұралды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети