03 ақпан 2016 17:02

Ақтөбеде полицей абайсызда өз-өзіне оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© snim.net © snim.net

Ақтөбеде полицей байқаусыздан өз-өзіне оқ атты. 34 жастағы аға лейтенант Талғат Байәділов ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Диапазон"


Ақтөбеде полицей байқаусыздан өз-өзіне оқ атты. 34 жастағы аға лейтенант Талғат Байәділов ауруханада көз жұмды, - деп хабарлайды "Диапазон"

"Оқиға таңғы сегізде қару беру бөлмесінде болды, - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин, - Жол-патрульдік полицияның қызметкері жарақат алды, кейін ол ауруханаға жеткізіліп, сол жақта көз жұмды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде, қару абайсызда атылған болуы мүмкін".

Байәділов полицияда 2008 жылдан бері қызмет етіп келеді, оның артында 2 баласы қалды.

Марқұмның әріптестерінің айтуынша, олардың табель қаруы Макаров тапаншасы. Әр сақшы тапаншаны алғанда өзі тексеріп, оқтайды. Қарумен бірге полицейлер кезекшілікке шығарда рация мен оқ өтпейтін кеудеше алады. Сонымен қатар, қару беру бөлмесі бірінші қабатта орналасқан және онда бөтен адамның кіргізілмейтіні хабарланып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети