Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Ақтөбеде полицейлер мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарды

18 Желтоқсан 2014, 15:12
0
©rus.tvnet.lv
©rus.tvnet.lv

Ақтөбеде табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері мұз астына түсіп кеткен балықшыны құтқарып алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облысы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұз астына түсіп кеткен 37 жастағы ер адамды табиғатты қорғау полициясы сәрсенбі күні сағат 11.00-де Елек өзенінің жағалауында рейд жасап жүрген кезде байқап қалады. Қылқанжапырақты ағашты кесу деректерін анықтау мақсатында "Ел" және "Шырша" шараларының аясында рейдке шыққан қызметкерлерде, абырой болғанда, сым арқан табылады. Тәртіп сақшылары белдеріне сым арқанды орап алып, балықшыға қарай жақындап, оны судан шығарып алады.  

"Оқиға Електің Тұрғын үй қалашығы ауданындағы ағыны күшті жағалауында болды. Балықшы мұзды тесіп, балық аулағысы келді. Бірақ мұз жарылып кетіп, ол суға түсіп кетті", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдин.  

Уайдиннің айтуынша, ер адам тоңып қалған, бірақ тез есін жинады және қазіргі уақытта балықшының денсаулығы жақсы.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай