Ақтөбеде полиция көлігі төңкеріліп қалды

02 Тамыз 2017, 13:16
1
Ақтөбеде полиция көлігі төңкеріліп қалды -

Ақтөбеде полицей жол-көлік оқиасы салдарынан қызметтік көлігімен аударылып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Көше қиылысында болған оқиғаның видеосы мен суреттері әлеуметтік желіде жарияланды. 

"Радары бар полицей көлігі Нокин көшесінің оң жолағымен келе жатқан. Қарсы бағытпен келе жатқан жол ережесін бұзғандарды көріп, полицейлер сол жағынан қатар келе жатқан ВАЗ-2114 көлігін өткізбестен бірден бұрылды", - дейді куәгерлер. 

Полицейлер оқиғаның басқаша болғанын айтады. 

"ВАЗ көлігі жол жүру ережесін бұзды. Ол жылдамдығын төмендетпестен қарсы бағытқа шығып кетті. Қарсы бетте ол "Лада Гранта" маркалы қызметтік көлікпен соқтығысты, соққыдан қызметтік көлік аударылып қалды. Оқиғадан ешкім зардап шекпеді. ВАЗ жүргізушісіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылды", - дейді Ақтөбе облыстық ІІД-нің баспасө қызметі. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ВАЗ көлігін басқарған адам жүргізуші куәлігінен айырылды. 

 

ДТП в районе Кирпичного моста #zello_aktobe

Публикация от ZELLO AKTOBE - OFFICIAL PAGE (@zello.aktobe)


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай