Ақтөбеде үйдің ауласында Toyota Camry өртеніп кетті

12 Қараша 2017, 13:26
0
Ақтөбеде үйдің ауласында Toyota Camry өртеніп кетті -

Ақтөбеде үйдің ауласында Toyota Camry өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Төтенше жағдайдың фото мен видеосы Instagram желісіндегі aktobe_zello парақшасында жарияланды.

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері бұл мәліметті растады. Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұловтың мәліметінше, төтенше жағдай 12 қарашада сағат 04.56-да болған.

"Өрт сағат 05.12-де ауыздықталып, 05.17-де толықтай сөндірілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 6 адам мен Ақтөбе облысы бойынша Өрт сөндіру қызметінің бір дана техникасы жұмылдырылды", - деді Иманқұлов.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай