17 мамыр 2018 14:50

Ақтөбедегі тележүргізушінің өлімі: Лифт әлі күнге дейін жөнделмеген

ПОДЕЛИТЬСЯ

4 сәуірде Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат қаза болған лифт әлі күнге дейін жөнделмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


4 сәуірде Ақтөбеде тележүргізуші Айзат Әбдісамат қаза болған лифт әлі күнге дейін жөнделмеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Осы үйдің үшінші қабатында болған төтенше жағдайдан соң лифт кабинасы әлі күнге дейін ашық тұр. Кабинасын тек ағашпен жауып қойған.

12-ықшамауданның  № 19 үйіне қызмет көрсететін "Жаңабек Сервис" ЖШС қызметкерлерінің айтуынша, оларға тергеу кезінде лифт есігін қайта қалпына келтіруге тыйым салынған.

"Біз оны жай жауып қоя салар едік, бірақ осы қайғылы жағдай болғанда ондағы есікті бұзып жіберген. Сондықтан енді есікті жауып қою үшін оны қайта қалпына келтіру керек. Бірақ тергеу аяқталмауына байланысты бізге бұл есікке тиіспеу керектігін айтты. Онда жақындауға да тыйым салынды. Сол себепті біз ешқандай шара қолданбадық, ешкім құлап кетпесін деп ағашпен жауып қойдық", -  дейді компания төрағасының орынбасары Қайрат Сабиров.

Компания өкілі модернизация бағдарламасы бойынша жана лифт орнату үшін тұрғындарға ай сайын 3 мың теңге төлеу керек болатынын айтады.

Еске сала кетейік, осыған дейін  Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кірген. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети