03 қараша 2015 13:35

Ақтөбедегі түнгі клубта болған атыстан 20 жастағы студент зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Ақтөбедегі түнгі клубта болған атыстың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбедегі түнгі клубта болған атыстың мән-жайы анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жедел жәрдем станциясындағылардың айтуынша, оқиғадан 20 жастағы жігіт зардап шекті. "Ол жабық бассүйек-ми жарақатын алған, бастың үстіндігі бөлігі зақымданған. Жағдайы ауыр деп бағаланды", - деді дәрігерлер.

Сонымен қатар, Ақтөбе облыстық ІІД мамандары оқтың травматикалық қарудан атылғанын айтты. "Түнгі клубта травматикалық қарумен жасалған бұзақылық дерегі бойынша сотқа дейінгі тексеру жүріп жатыр, оның салдарынан студент зардап шекті. Оқиғаға кінәлілер мен оның себептері анықталып жатыр", - деп хабарлады ІІД. Қылмыстың дәлелдері әзірше анықталып жатыр.

Айта кетейік, кеше RikaTV телеарнасы түнгі клубта атыстың болғанын хабарлады. "Қазанның 31-не қараған түні облыстық жедел жәрдем ауруханасына 29 жастағы жігіт оқ жарақатымен жеткізілді. Ол қазір аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Жігітте жарақат салдарынан өкпе пневмониясы асқынған. Оқ травматикалық тапаншадан атылған. Жігіттің денесінен резеңке оқ дәрілер алынған. Алайда оқ жарақатынан зардап шегушінің сол жақ өкпесінде пневмония асқынып кеткен. Дәрігерлер қазір осы дертпен күресіп жатыр", - деп хабарлады телеарна.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети