02 сәуір 2018 17:28

Ақтөбелік әйел өз баласын бөтен адамға тастап кеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Ақтөбенің 32 жастағы тұрғыны өз баласын бөтен адамға тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Ақтөбенің 32 жастағы тұрғыны өз баласын бөтен адамға тастап кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дереккөз мәліметінше, 26 наурызда полицияға қала тұрғыны хабарласып, өзіне аса таныс емес әйелдің 2017 жылғы баланы тастап, белгісіз бағытта кетіп қалғанын айтқан. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы ("Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегiмiндеттердi орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары жүріп жатыр. 

27 наурызда нәрестенің анасы табылды, сол күні ол полицияға жеткізілді. Істің мән-жайы айтылмайды. 

"27 наурызда жедел іздеу шаралары барысында нәрестенің анасының кім екені анықталып, істің мән-жайын анықтау үшін жауап алынды. Қазіргі уақытта бала "Үміт" бөбектер үйіне жіберілді", - делінген облыстық ІІД баспасөз қызметінің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети