13 наурыз 2017 09:40

Ақтөбелік әйел тергеушімен қалай жыныстық қатынасқа түскенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobetimes.kz © aktobetimes.kz

Ақтөбеде есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 30 жастағы тергеушісі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".


Ақтөбеде есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының 30 жастағы тергеушісі қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп сот алдында жауап беріп жатыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе Таймс".

"29 наурызда біздің жалдамалы пәтерімізде тінту жүргізілді. Содан күйеуімді алып кетті, одан жарты келі марихуана мен екі ұялы телефон тауып алды. Сондай-ақ, үйде 323 мың теңге болған еді, оның 300 мың теңгесі - менің жинаған ақшам. Содан Сырлыбайұлы маған ақшаны алғаным жайлы қолхат жазып және сол үшін күйеуімнің шартты түрде төрт жылға қамауға алынатынына келісуімді немесе оның менің күйеуімнен жарты келі марихуана емес, бір келі анаша тауып алғанын, сондай-ақ, менің де осы іске қатысы бар екенім жайлы арыз жазатынын айтты. Бұл жағдайда менің күйеуім 12 жылға қамауға алынуы мүмкін еді. Қатты қорықсам да, келістім. Бірақ Сырлыбайұлы маған тек 140 мың теңге қайтарды", - деді Сандыбаева.

Басылымның мәліметінше, Сандыбаева кәсіби түрде массаж жасаумен айналысады, екі жоғары білімі бар. Әйелдің айтуынша, тергеуші оған күндіз де, түнде де қоңырау соғып, массаж жасауын талап еткен.

"Біз ол ер адаммен жыныстық қарым-қатынасқа түстік, дегеніне жетті. Мен айғайладым да. Бірақ біз қазір заң билейтін заманда өмір сүріп жатырмыз. Ол - биліктің адамы. Осындай адамдар өмірде қалағандарына жетеді. Оларға бәрі рұқсат етілген!", - деді әйел сот отырысы барысында.

Ал полицейлер тарапынан келген куәгерлер Сандыбаеваны полицейлердің оның күйеуін 7 жылға түрмеге отырғызғаны үшін кек алып жатыр деп түсіндірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети