23 сәуір 2019 | 13:30

Ақтөбелік полицей әйел адамды қағып өлтіріп, қашып кеткен

Ақтөбеде полицей әйелді қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде полицей әйелді қағып өлтіріп, жол-көлік оқиғасы болған жерден қашып кеткен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 15 сәуірде шамамен 00:30-да Рысқұлов даңғылының бойында болған. Авто жүргізушісі әйелді қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен. Алған жарақатынан 55 жастағы әйел оқиға орнынна қаза тапқан. 

"Полиция қызметкерлері автокөліктің бөлшектері арқылы автоның маркасын және түсін анықтады. Осы ауданда орналасқан бейнебақылау камераларын егжей-тегжейлі тексеру кезінде жеке автокөліктің мемлекеттік нөмірі анықталды. 17 сәуірде аталған қылмысты жасағаны үшін күдікті ретінде жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде 41 жастағы полиция қызметкері ұсталды. Ол бірден жол апатына кінәлі екенін мойындады. Ол тергеу изоляторына қамалды", - деді полиция өкілдері. 

Реклама
Реклама

Ведомство мәліметінше, Ақтөбе облысының полиция департаменті өз қатарында құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу бойынша шаралар жүргізіп тұрады екен. "Полицей қылмыс жасаған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапқа тартылады", - деді ПД өкілдері. 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram