15 шілде 2019 17:05

Алакөлге барар жолда 47 жолаушысы бар автобус аударылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен Сурет Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Алматы обылсында Алакөлге барар жолда 47 жолаушысы бар автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы обылсында Алакөлге барар жолда 47 жолаушысы бар автобус аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желіде қолданушылар жол апатының таңғы уақытта Алакөлге барар жолда Қабанбай ауылының маңында болғанын жазды. Алматы облыстық ПД баспасөз қызметі жол-көлік оқиғасы дерегін растады. 

"Автобус Алматы-Өскемен автожолының 462 шақырымында аударылды. Автобустың салонында 47 жолаушы болған, бірақ оның үшеуіне ғана медициналық көмек қажет болды. Зардап шеккендердің барлығы (екі ер адам мен бір әйел) Сарқан қаласындағы ауруханаға жеткізілді", - деді ПД баспасөз қызметінің өкілдері. 

Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. 


Сурет Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Облыс әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел зардап шеккендердің көп екенін мәлімдеді.

"Зардап шеккендердің жалпы саны - 17 адам. Олардың екеуі (қыз бала мен әйел) Қабанбай кентіндегі ауруханағ жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бет терісінің көптеген сырылуына байланысты жатқызылды. Сарқан қаласының орталық ауруханасына үш адам жеткізілген. Бір науқастың омыртқаның мойын бөлігі зақымданған, екіншісінің - сол білегі сынған. Қалған зардап шеккендер жеңіл жарақат алған, олар амбулаторлық емдеуге жіберілді. Барлығы бес жедел жәрдем бригадасы жұмылдырылды", - деді Жүкел облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметтеріне сүйене отырып.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети