18 қараша 2014 12:09

Алғашқы әскери дайындық мұғалімі жарылыс кезінде кабинетте болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сот алдына келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбеккке сілтеме жасап.


Алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі сот алдына келеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбеккке сілтеме жасап.

"Алматы сән және дизайн колледжінің алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі кеше кешкісін тергеу изоляторына қамалды. Тергеушілер бұлтартпау шарасын таңдау үшін оны 72 сағат ішінде сотқа тапсырады", - деп мәлімдеді Салтанат Әзірбек. Оның айтуынша, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі 1967 жылы туған, одан процессуалдық тәртіпте жауап алынып жатыр. Тергеу аясында гранатаның қайдан әкелінгені және кім әкелгені жайлы жағдайлар анықталады.

Мұнымен қатар, Әзірбек әзірше расталмаған дерек бойынша, мұғалімнің мұның алдында әскери қызметте болғанын айтты. Тергеу аясында граната жарылған сабақта болған-болмағаны және гранатаның қандай жағдайға қолданылатыны анықталады. Мұғалімнің үйін тінту кезінде заңсыз заттар болмаған. Әзірбектің мәліметінше, бұл істің тергеуі кем дегенде екі айға созылады. Ол мұғалімнің жарылыс кезінде сабақ үстінде болғанын және жарақат алмағандығы себепті ауруханаға бармағанын айтты.

 

Еске сала кетейік, 17 қараша күні 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған еді. Төтенше оқиға салдарынан 16 жастағы студент қыз Светлана Яковлева қайтыс болды. Кеудесі мен бастарына жарықшақ тиген 12 адам ауруханаға түсті, олардың бесеуіне операция жасалып, жансақтау бөліміне ауыстырылды.

Төтенше оқиға дерегі бойынша "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптарымен қылмыстық іс қозғалды. Гранатаның жарылу себебін прокуратура, әскери прокуратура мен ішкі істер департаменті мамандары анықтап жатыр. Осыған дейін Алматы сән және дизайн колледжінің мұғалімі уақытша ұстау изоляторына қамалғаны хабарланды. Ал оның алдында мұғалім 24 сағатқа ұсталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети