Алматыда ток күшінің аздығынан 17 троллейбус тоқтап қалды

Алматыда ток күшінің аздығынан 17 троллейбус тоқтап қалды © Tengrinews.kz

Алматыда ток к?шіні? аз болуына байланысты Байт?рсынов к?шесіндегі троллейбус ?оз?алысы то?татылды. Б?л туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus" ЖШС директоры Бауыржан ??лышев айтты.

Алматыда ток күшінің аз болуына байланысты Байтұрсынов көшесіндегі троллейбус қозғалысы тоқтатылды. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Green bus" ЖШС директоры Бауыржан Құлышев айтты.

Оның айтуынша, желідегі ток таңғы сағат 9.30-дан бері істемейді.

"Біздің қызметкерлер себебін анықтап жатыр", - деді ол. Байтұрсынов көшесінде үш шақырымға созылған 17 троллейбус тоқтап қалды.

Жарнама
Жарнама

Сондай-ақ, Бауыржан Құлышев жолаушылардың автобусқа тегін отырғызылғанын айтып өтті.

Tengrinews
Автор сұрағы
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама