04 қараша 2016 12:23

Алматы әуежайында жасырын нөмірден келген қоңырауға байланысты адамдар эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әуежайы © Tengrinews.kz Алматы әуежайы © Tengrinews.kz

Алматы әуежайында жасырын нөмірден келген қоңырауға байланысты адамдар эвакуацияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы әуежайында жасырын нөмірден келген қоңырауға байланысты адамдар эвакуацияланды , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әуежайдың баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, 4 қарашада сағат 11.25-те 102 пультіне белгісіз біреу жасырын нөмірден әуежай аумағында жарылғыш зат бар деп хабарлаған. Бұл мәлімет әуежай басшылығы мен ондағы қауіпсіздікке жауап беретін қызметкерлерге, Алматы қалалық Төтенше жағдайлар қызметіндегілерге, полициядағыларға және құзыретті органдарға жеткізілді. 

"Жолаушыларды және әуежай қызметкерлерін ғимараттан жедел түрде эвакуациялау басталды. 11.49-та жолаушыларға қызмет көрсету жүйесі жұмысын қайта бастады. Келіп түскен ақпараттың жалған екені анықталды. Қазіргі уақытта Халықаралық Алматы әуежайындағы қызметтің барлық түрі жұмысын қайта жалғастырып жатыр", -деп хабарлады баспасөз қызметіндегілер.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері осы дерек бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ал "Халықаралық Алматы әуежай" АҚ шығынның көлемін анықтап жатыр.

Еске салайық, осыған дейін Алматы әуежайында сынап төгіліп, адамдардың эвакуацияланғаны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети