18 наурыз 2019 | 16:57

Алматы аялдамасындағы жол апаты: Тағы бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан Сурет СТВ арнасындағы "Территория происшествий" бағдарламасынан

Алматыда жүргізуші аялдаманы қиратып, үш адамды қағып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған. Бүгін тағы бір адамның ауруханада қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматыда жүргізуші аялдаманы қиратып, үш адамды қағып, бір адамның қаза тапқаны хабарланған. Бүгін тағы бір адамның ауруханада қайтыс болғаны анықталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Дәрігерлердің айтуынша, 1978 жылғы әйел 16 наурызда Алматы облысындағы ауруханаға ауыр халде түскен. Ол тым ауыр жарақаттар алған. 17 наурызда әйел қайтыс болды. 

Тағы бір зардап шеккен адам ауруханада жатыр. 

Еске салайық, Алматыда автокөлік жүргізушісі аялдамаға соғылып, үш адамды қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Тәтібеков пен Коперник көшелерінің қиылысында болды. Таяуда жол апаты салдарынан 1988 жылғы қыз қайтыс болғаны туралы хабарланған еді. 

Зардап шеккен үш адам түрлі жарақат алып, жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің айтуынша, автокөлік шығыс бағытта қозғалып келе жатқан. Жүргізуші мас болғандықтан көлікті басқара алмай қалған.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети