Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы-Бішкек тас жолында жүк көлігі өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Өрттің шыққаны туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады.
Өрт 2017 жылы 16 қыркүйекте таңғы 06:47-де Алматы облысындағы Алматы-Бішкек тасжолының 74-ші шақырымында болды.
"Mercedes жүк көлігінің тіркемесі өртенді, ол көлігіне халық тұтынатын тауарларды тиеген. Өрттің таралуы 07:35-те тоқтатылды, 09:31-де толығымен сөндірлді", - деді Иманқұлов.
Өрт сөндіруге Алматы өблыстық өрт сөндіру қызметіндегі жеке құрамның 4 адамы мен бір арнайы техника жұмылдырылды.
Иманқұловтың айтуынша, өрт болған жер өрт сөндіру қызметінен 50 шақырым жерде болған.