06 мамыр 2017 10:51

Алматы-Бішкек тасжолында инкассаторлар көлігі қызды қағып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы-Бішкек тасжолында инкассаторлар көлігі қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды patrul.kz.


Алматы-Бішкек тасжолында инкассаторлар көлігі қызды қағып өлтірді, - деп хабарлайды patrul.kz.

Жол-көлік оқиғасы Қаскеленге бұрылар жерде Алматы-Бішкек тасжолының бойында болған. Куәгерлердің айтуынша, фургон қатты жылдамдықпен келе жатқан сәтте жол бойына кенеттен қыз шыққан. Басылымның мәліметінше, барлығы кенеттен болғаны соншалық жүргізуші қандай да бір шараларды қолдануға үлгермеген.

Алайда қыздың аты-жөнін оқиға орнында анықтау мүмкін болмады.

Бірақ қыздың рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпекші болғаны белгілі болды. Жолда жарықтың дұрыс болмауына байланысты ол қызды байқау мүмкін болмаған.

Енді полицейлер жүргізушіден жауап алады. Себебі ол көлік жылдамдығын айтарлықтай көбейткен. Оқиғаның мән-жайын тергеу бөлімінің қызметкерлері анықтайды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети