14 қаңтар 2020 12:41

Алматы - Бішкек тасжолында жол апатынан үш адам зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© eadaily.com © eadaily.com

Алматы облысында автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында автобустың қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі өңірлік ПД баспасөз қызмтеіне сілтеме жасап. 

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты қаңтардың 13-нен 14-не қараған түні Алматы - Бішкек тасжолында болған. Yutong автобусы мен Toyota Harrier соқтығысқан. Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушілердің біреуі мұзтайғақта басқаруды игере алмай, жолдың қарсы бетіне шығып кеткен. 

Жол апаты саалдарынан Жамбыл аудандық ауруханасына кроссовер салонында отырған үш адам жеткізілген. Үшеуі де Жамбыл облысының тумалары, олардың жасы - 26-27-де. Автобустың жолаушылары болмаған. 

Осы дерекке қатысты тергеу шаралары басталды. Полиция өкілдері, аймақта бірнеше күн бойы үсік жүріп, қар жауып жатқаны, ал кейбір аймақтарда мұзтайғақ болып тұрғанын айтады. 

"Автокөлік құралдарының жүргізушілерін жолда мұқият болуға, көктайғақ кезінде талап етілетін жылдамдық режимін ұстануға және жалпы жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырамыз", - деді облыстық полиция мамандары.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.85   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети