25 шілде 2018 11:01

Алматы ІІД өкілдері түнде атыс болды деген мәліметке қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда Қазақстанның шығысынан келген автоұрылар тобы мен көлік ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Ведомстводағылар оқиға барысында оқ атылды деген мәліметті жоққа шығарды. 


Алматыда Қазақстанның шығысынан келген автоұрылар тобы мен көлік ұрлағандар ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Ведомстводағылар оқиға барысында оқ атылды деген мәліметті жоққа шығарды. 

Таңғы төрт шамасында "102" пультіне Жұмалиев пен Қарасай батыр көшелерінің қиылысындағы үйлердің ауласында көліктерді айналшықтап жүрген күмәнді адамдардың жүргені туралы хабар түскен. "Буран-078" жол-көлік полициясының экипажы оқиға орнына барған. 

"Сезіктілер Mitsubishi Galant маркалы көлікпен жасырынбақшы болған. Патрульдер олардың артынан қуған. Полицейлер олардың алдын бөгеді, қаскөйлер тығырыққа тірелді. Сейфуллин мен Мақатаев көшелерінің қиылысында, көлікті басқарып отырған ер адам игере алмай, бағанаға соқтығысты. Екі күдікті ұсталды. Олардың Шығыс Қазақстан облысынан келгені анықталды", - деді Алмалы аудандық ІІБ басшысы Данияр Меңдібаев. 

Сонымен қатар, полицейлер қаскөйлер мінген Mitsubishi автомобилі олар ұсталғанға дейін Алатау ауданының аумағында ұрланғанын анықтаған. 

"Күдіктілер ұрланған автокөлікпен басқа да қылмыстар жасамақшы болған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр", - деді подполковник Меңдібаев.  

Айта кетейік, 24-25 шілдеге қараған түні Мақатаев пен Сейфуллин көшелерінің қиылысында болды. Жақын маңайдағы үй тұрғындарының айтуынша, олар түнгі сағат 03.00 шамасында көшеде атылған оқтың даусынан оянып кеткен. Терезеге көз салғанда, көшеде 5-6 күзет көлігі тұрған. Бір ер адамды полиция қызметкерлері ұстады деп хабарланды. Сондай-ақ, көше қиылысында да жанжал болған. 

Кейінірек оқиға орнына криминалистер тобы келген. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бағанаға соғылған автокөліктен саусақ іздерін алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети