07 тамыз 2015 18:32

Алматы колледжінде болған жарылысқа қатысты үкім өзгеріссіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылыс болған орын. © Владимир Прокопенко Жарылыс болған орын. © Владимир Прокопенко

Алматы колледжінде болған жарылыс ісі бойынша АӘД мұғаліміне қатысты үкім өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс 2014 жылы қарашада болған еді. АӘД сабағы кезінде сыныптардың бірінде граната жарылды. Бір студент қыз қаза тапты.


Алматы колледжінде болған жарылыс ісі бойынша АӘД мұғаліміне қатысты үкім өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жарылыс 2014 жылы қарашада болған еді. АӘД сабағы кезінде сыныптардың бірінде граната жарылды. Бір студент қыз қаза тапты.

"Қарабалаев пен Баймудинов үкімдері өзгеріссіз қалсын. Адвокаттардың аппеляциялық шағымы қанағаттандырылмайды", - деп оқыды шешімді судья Хусаин Алмабеков.

Сонымен қатар, апелляциялық инстанция колледждің директоры мен орынбасарына жауапсыздық пен жұмыстың төмен деңгейдегі ұйымдастырылуына байланысты жеке қаулы шығарды.

АӘД пәні мұғалімдерінің қорғаушылары оларды ақтауды сұрады. Ғабит Қарабалаевтың адвокаты оны қамаудан босатып, жазаның альтернативті шарасын тағайындауды сұрады. Юрия Гавриленконың адвокаты гранатаның шығуына байланысты мәліметтің анықталмағанын айтып, үкімді жойып, істі тоқтатуды өтінді.

Сонымен қатар, қаза тапқан студент қыздың анасы соттан Қарабалаевты ақтауды сұрады. Оның ойынша, Гавриленко кінәлі және оны қамауға алу керек.

Бұған дейін АӘД мұғалімі Ғабит Қарабалевтың жалпы режимдегі колонияға екі жылға бас бостандығынан айырылғаны хабарланған болатын. Ол "Абайсызда кісі өліміне әкеліп соқтыру" және "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" баптары бойынша айыпты деп танылды. Мерзім 2014 жылдың 17 қарашасынан бастап есептеледі.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің тағы екі мұғалімі Серік Баймолдинов пен Юрий Гавриленко жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау бойынша айыпты деп танылды. Оларға 991 мың теңге көлемінде айыппұл салынып, сотталушылар сот залынан босатылды.

Еске сала кетейік, 17 қараша күні сағат 08.40-та Алматы сән және дизайн колледжінің екінші қабатында алғашқы әскери дайындық сабағында граната жарылған болатын. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети