19 наурыз 2015 19:23

Алматы колледжіндегі жарылыс дерегі бойынша іс сотқа берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко Алматы сән және дизайн колледжі. ©Владимир Прокопенко

Алматы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс Алмалы ауданының сотына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. Еске салайық, колледждегі жарылыс 2014 жылдың қарашасында болған еді. 


Алматы сән және дизайн колледжінде болған жарылыс дерегі бойынша қозғалған қылмыстық іс Алмалы ауданының сотына берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық прокуратураға сілтеме жасап. Еске салайық, колледждегі жарылыс 2014 жылдың қарашасында болған еді. 

"Ғабит Қарабалаевқа, Юрий Гавриленкоға және Серікбай Баймолдиновқа қатысты қылмыстық іс айыптау актісімен бірге прокуратураға берілді. Бүгін, 19 наурыз күні іс Алмалы аудандық сотына қарауға берілді", - деп хабарлады прокуратура өкілдері. 

Прокуратураның мәліметінше, Ғабит Қарабалаев "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау", "Абайсызда қазаға ұшырату" және "Абайсызда денсаулыққа зиян келтіру" баптары бойынша айыпталып отыр. Юрий Гавриленко мен Серікбай Баймолдиновқа "Қару-жарақты, оқ-дәріні, жарылғыш заттар мен жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, сату, сақтау, тасымалдау немесе ұстау" бабы бойынша айып тағылды. 

Бұған дейін Алмалы аудандық соты колледждегі жарылыс туралы іс бойынша алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімдерінің қамауға алу мерзімін бірнеше рет ұзартқан еді. Ол кезде Қарабалаев пен Гавриленколардың қамауға алу мерзімі 2015 жылдың 17 және 19 ақпанына дейін, кейін 17 және 19 наурызға дейін ұзартылатыны хабарланды. 

Сондай-ақ бұған дейін колледждегі жарылыс бойынша айыпталушы Юрий Гавриленконың қызы Татьяна әкесінен кейін колледжде Серікбай Баймолдиновтың жұмыс істегенін хабарлады. Оның айтуынша, қару-жарақты қабылдау-тапсыру актісіне қол қойған - Баймолдинов. Бірақ, құжатқа сәйкес, қару-жарақтың бәрі - оқу-жаттығуға арналған құралдар. 

Еске сала кетейік, Алматы сән және дизайн колледжіндегі жарылыс 17 қараша күні сағат 08.40-та алғашқы әскери дайындық сабағында болды. Іс материалдарына қарағанда, Қарабалаев колледждің бірінші курсының №9 тобына сабақ беріп жатқан. Ол оқушыларға РГД-5 гранатасының құрылымын көрсетіп жатқан, бұл гранатаны ол алғашқы әскери дайындық пәнінің бұрынғы мұғалімі Юрий Гавриленкодан алыпты. Қарабалаев гранатаны оқушыларға беріп, оның мұрындығын тартуға болмайтынын ескерткен. Үзіліс кезінде ол гранатаны партаның үстіне қалдырған. Сол кезде студенттердің бірі мұрындықты тартып қалады да, жарылыс болады. Оқиға салдарынан бір студент қыз қайтыс болып, 12 адам ауруханаға түсті, тағы үш адам дәрігерлерге өз еркімен көрінді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети