12 қараша 2015 14:09

Алматы колледжіндегілер қалыңдық ұрлау оқиғасының мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

YouTube видеоролигінен алынған кадр YouTube видеоролигінен алынған кадр

Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің басшылығы Tengrinews.kz тілшісіне видеоға түсіп қалған қалыңдық ұрлау оқиғасының мән-жайын айтып берді.


Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінің басшылығы Tengrinews.kz тілшісіне видеоға түсіп қалған қалыңдық ұрлау оқиғасының мән-жайын айтып берді.

Оқу орнының басшысы Жарқын Жаниязованың айтуынша, ұрланған қалыңдықтың есімі - Айсель. Ол 17 жаста, бірінші курста оқиды. "Қыздың ұлты - түрік. Жақсы қыз, өте тәрбиелі. Ол сабақтан ешқашан қалмайды, білімге құштар", - деді ол.

12 қараша күні қызды оқу орнына оның ағасы жеткізіп салған. "Ол жерде қызды екі көлік күтіп тұрды. Қыз ағасымен бірге колледждің ауласына кіргені сол еді, олардың жанына ірі денелі сегіз жігіт жақындап барды. Олар қызды көтеріп алды. Осы кезде оларға күзетші мен колледжің қызметкерлері жүгіріп барды. Жігіттер оларды итере бастады. Біздің әкімшіліктегілердің барлығы жүгіріп шықты - екі ер адам мен әйелдер. Бірақ олар расында да аса ірі денелі азаматтар еді, тіпті қыздың ағасы оларды ұстап тұра алмады", - деді колледж директоры.

Осыдан кейін қыздың ағасы ата-анасы мен полицияны шақыртты. Колледж басшысының айтуынша, студент қыздың туыстары арыз жазып, аудандық ІІБ-ге аттанды. Оның айтуынша, қыздың туыстары оны ұрлап әкеткен жігітті және мұндай жағдайдың болатынын білген сияқты. "Қыздың ағасы оны ұрлап әкеткендердің аты-жөндері мен телефондарына дейін полицейлерге атап берді", - деді ол.

Еске сала кетейік, Алматыда қалыңдықты алып қашқандар бейнеленген видеоролик жарияланды. Видео Instagram желісіндегі instavideo_kaz парақшасында пайда болды. Видео сипаттамасына қарағанда, оқиға 12 қараша күні Алматы мемлекеттік сервис және технологиялар колледжінде болған. "Қыз сол колледждің студенті. Оны қырғыздардың номері бар көліктегі жігіттер ұрлап әкетті", - делінген сипаттамада.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети