08 қараша 2019 | 12:34

Алматы-Қорғас тасжолында жолаушылар отырған көлік жол апатына ұшырады

Алматы-Қорғас тасжолында жолаушылар отырған көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы-Қорғас тасжолында жолаушылар отырған көлік жол апатына ұшырап, бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы сағат 4-те Алматы-Қорғас жолының 94 шақырымында болған. Жолаушылар отырған автокөлік батысқа қарай (Батыс Еуропа-Батыс Қытай) бағыт алған. BMW-528 маркасындағы автокөлікті 22 жастағы жүргізуші басқарған.

Реклама
Реклама

"Қатты жылдамдықпен қозғалған автокөліктің жүргізушісі қараңғыда жол бойына шыққан атты байқамады. Өкінішке қарай, автокөлікте болған 1950 жылдың тумасы Есік қаласының орталық ауруханасында көз жұмды. Екі бағыттағы жол қозғалысын метал қоршаулар бөліп тұрады. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ қызметкерлері жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп, жол-көлік оқиғасының себепшісі болған үй жануарының иесін іздестіріп жатыр", - делінген хабарламада.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная