Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алматы көшелерінде алдыңғы нөмірі жоқ полицей көлігі жүр

04 Шілде 2014, 16:19
0
©Тengrinewstv.kz
©Тengrinewstv.kz

Алматы көшелерінде полицияның алдыңғы нөмірі жоқ көлігі жүр, - деп хабарлайды TengrinewsTV. Машинаны "Ортақ жол" жол қозғалысы қауіпсіздігі қауымдастығының жетекшісі Арсен Шакуов бейнерегистраторына түсіріп алған. Оның айтуынша, көлікте мемлекеттік тіркеу нөмірінің орнында қара жақтау болды. 

Мұндай көліктер бейне және фотофиксацияларға ілікпейді. "Соңғы кездері басқару пультіндегі қара жақтаулар сәнге айналды. Түймені басқан кезде перде жабылады. Осылайша емін-еркін теракт жасап, бой тасалауға болады, қандай нөмір екенін ешкім аңғара алмай қалады", - дейді Шакуов. Ол полицей көлігін қуып жетіп, ондағы жүргізушімен сөйлескісі келгенін айтады. Бірақ көлік руліндегі адам жүзін бейнекамерадан жасырған.

Қоғамдық ұйым мүшесі бұл "жұмбақ" көлікті анықтауды сұрап, құқық қорғау органдарына қатынас хат жолдағалы отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін қалада ешқандай нөмірі жоқ ақ түсті Lamborghini көлігінің жүргені бейнежазбаға түсірілген еді. Ішкі істер министрлігінің мамандары мұндай заңсыздық үшін 18,5 мың теңге айыппұл салынатынын хабарлады. Кейін Интернеттегі бейнежазбаның бір жыл бұрын орналастырылғаны анықталды, яғни құқықбұзушылықтың ескіру мерзімі өтіп кеткен. 

 


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай