24 сәуір 2017 13:07

Алматы маңында арнайы операция: Ұрланған ер адам босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Алматыда ұрланған адамды босатуға арналған арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Полицейлер Алматыда ұрланған адамды босатуға арналған арнайы операция жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, ер адамды ұрлап әкетуге қатысы бар 1987 жылғы ер адамды ІІД Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері ұстады.

"Тергеу мәліметінше, қаскөйлердің ер адамды қайда ұстап отырғаны анықталған. Олар ер адамды Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауылдардың бірінде орналасқан жер үйде ұстап отырған. Жақында ер адамды босатуға арналған операция өтті. Нәтижесінде Әлиев есімді азамат босатылды. Оның өмірі мен денсаулығына еш қауіп жоқ. Қазіргі уақытта үш күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы қылмысқа басқа да адамдардың қатысы бар-жоғын Ұйымдасқан қылмыстық топпен күрес басқармасының қызметкерлері мұқият тексеріп жатыр. Сотқа дейінгі тергеу барысында адамды ұрлауға ненің себеп болғаны және оқиғаның басқа да мән-жайы анықталады", - деді ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, 20 сәуірде Әлиевтің туыстары оның жоғалып кеткені жайлы полицияға хабар берген. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабы бойынша ("Адам ұрлау")  сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети