16 наурыз 2015 12:13

Алматы маңындағы жер сілкінісінің афтершоктары болмайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жер сілкінісінің афтершоктары болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД брифингінен.


Қазақстан мен Қырғызстан шекарасындағы жер сілкінісінің афтершоктары болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ТЖД брифингінен.

Нақтыланған мәлімет бойынша, жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан 22 шақырымда - Үлкен Алматы шыңының оңтүстігінде болды. ҚР БҒМ Ғылым комитетінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ММ бас директоры Ренат Бейсембаев өңірде жуық арада афтершоктардың байқалмайтынын айтты. 

Сейсмология институты директорының орынбасары Анатолий Лидің айтуынша, жер сілкінісінің ошағы институттың ортамерзімді жоспарында болған, сондықтан ол болуы мүмкін құбылыс ретінде қарастырылғанын айтты. Бұл Орталық Азиядағы анағұрлым сейсмоқауіпті өңір саналады. 2013 жылы ол сейсмикалық белсенділіктің жаңа фазасына енген. Институттың мәліметінше, жылдың соңына дейін өңірде магнитудасы 7-ден жоғары жер сілкінісі болмайды. 

Айта кету керек, шұғыл қызметтер төтенше жағдайлардың тууына мониторинг жүргізген, соның ішінде сыртқы бақылау камераларынан да қадағаланды. Алматы ТЖД бастығының орынбасары Нұрлан Мадияровтың айтуынша, жер сілкінісінен соң зақым келген немесе қираған ғимараттар болмады. Халық арасында дүрлігу туғызбау мақсатында кабельдік телеарналар, радио мен Интернеттің көмегімен жер сілкінісі туралы ескерту берілді. Ал SMS-хабарлама таратылған жоқ.

Еске салайық, 15 наурыз күні жергілікті уақыт 20.04-те Алматы түбінде жер сілкінісі болған еді. Жер сілкінісінің ошағы 8 шақырым тереңдіктен анықталды. Бастапқыда сілкініс магнитудасының 4,9-ға тең екені хабарланды, кейін ол 5,1-ге тең деп өзгертілді. Сондай-ақ әуеліде жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан 15-28 шақырымда деп хабарланды. Оңтүстік астанада тербеліс 4-5 балл түрінде сезілді. 

Алматыдағы жер сілкінісінен соң республикалық дағдарыс орталығы мен Алматы және Алматы облысы ТЖД жер сілкініс кезіндегі іс-әрекеттер жоспарына сай шараларды қолға алды. Мемлекеттік органдардың тиісті қызметтеріне, жергілікті атқарушы органдардың жетекшілеріне, Азаматтық қорғаныс қызметіне хабар берілді. Жедел штаб ұйымдастырылды. Күштер мен құралдар дайындыққа келтірілді. "Қазселденқорғау" мекемесі мұздақты көлдерге бақылауды күшейтті. Сілкіністен соң барлық нысандар штат режимінде жұмыс істеп тұр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети