26 тамыз 2017 12:20

Алматы облыстық ІІД полицейдің көлікті қуған сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облыстық Ішкі істер департаментінің өкілдері полицейдің көліктің соңынан қуған сәті түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыдан бірнеше күн бұрын autolife_kz паблигі полицейдің көліктің соңынан қуғаны түсірілген видеоны жариялады.

"Интернетте жарияланған видеоны зерттедік. Видеоның Қаскелеңде Абылай хан көшесінде түсірілгенін анықтадық. Бірақ оның қашан және рөлде кімнің отырғаны әзірше белгісіз", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, полициядағылар BMW көлігінің Жамбыл облысында тіркелгенін хабарлады. 

"Осыған байланысты Жамбыл облыстық ІІД Жергілікті полиция қызметіндегілерге де бағыттама таратылды", - деп хабарлады облыстық ІІД өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети