28 қараша 2016 | 16:13

Алматы облысында 100-ден аса адам қалың қардан жолда қалып қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен Сурет Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметінен

Алматы облысында 113 адам қар бұрқасынында қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кешегі түннен бері оларды құтқару жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында 113 адам қар бұрқасынында қалып қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облысы бойынша ТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Кешегі түннен бері оларды құтқару жұмыстары жүріп жатқаны белгілі болды. 

"2016 жылдың 27 қарашасы, сағат 19:00-ден бастап ауа райының бұзылуына байланысты, күшті жел, боран мен жолдың мүлде көрінбей қалуынан "ҚазАвтоЖол" ҰҚ АҚ, "Қазақавтожол" РМК және Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының ортақ шешімімен Алматы облысындағы "Сарыөзек-Көктал" жолының 3-тен 80-ші шықырымға дейінгі бөлігі барлық көлік түрлері үшін жабылды", - делінген хабарламада. 

Дегенмен, бұған қарамастан Алматы облысының ТЖД-ға 28 қараша күні, сағат 00:44-те Талдықорғаннан 135 шақырым жердегі "Сарыөзек-Көктал" жолындағы "Алтынемел" асуында шамамен 80-100 адамы бар 20-30 көліктің тұрып қалғаны туралы ақпарат келіп түсті. 

Оқиға орнына адамдарды қауіпсіз жерге көшіру үшін бірден Кербұлақ ауданының ТЖ бөлімі мен Сарыөзек ауылының №31 өрт сөндіру бөлімшесі шықты. Бірнеше сағаттан кейін қосыша Алматы облысы ТЖД-дан 16 адамнан құралған топ жіберілді. Сондай-ақ, "Уаз-Патриот", "Камаз-Нефаз", АСО-20 "Камаз", ГТ-ТБ шынжыр табан тартқыш техника да жөнелтілді. Оның үстіне, асудың арғы бетіндегі Панфилов ауданынан ТЖБ-дан жедел топ аттанды. 

"Қазіргі кезде жолаушыларды қауіпсіз орынға көшіру мен қар басқан жолдарды тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағат 13:00-де 113 адам эвокуацияланды, олардың арасында жарақат алғандар жоқ. Қар құрсауына қалғандардың нақты саны анықталып жатыр", - деп хабарлады ТЖД өкілдері. 

"Қазақавтожол" РМК қызметкерлері қазіргі уақытта жол тазартып жатыр, оған 10 техника жұмылдырылған. Адамдарды эвакуациялау жұмысы жалғасып жатыр және оқиға орнында медициналық көмек беру ұйымдастырылған. 

Сонымен қатар, Алматы облысы бойынша ТЖД бұл бағытта жолға шығар алдында дауылдың болатыны туралы ескерту жайлы ақпаратты нақтылап, әсіресе балалармен бірге қала сыртына сапарға аттанбауды және ауа температурасы төмендеген уақытта автомобильмен алыс сапарға шығудан бас тартып, қыс уақытында көліктің дұрыс жүретіндігін ұқыптап алуды сұрап отыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети