Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың алғашқы суреттері жарияланды

28 Қаңтар 2016, 12:42
0
Алматы облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың алғашқы суреттері жарияланды - © Алматы облысы ТЖД
© Алматы облысы ТЖД

Алматы облысындағы тікұшақтың апатқа ұшыраған жерінен алғашқы суреттер пайда болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Тікұшақ бүгін таңертең сағат 8.30-да табылған болатын. Алматы облысы ТЖК байланыс телефонына 102 қоңырау келіп түскен. Оның 21-і пилот Кондратюктың туыстарынан, 13 қоңырау Хамитованың жақындарынан, 13 қоңырау Қайсанованың туыстарынан, 28 қоңырау қаза тапқан бала мен оның анасының жақындарынан, 27 қоңырау БАҚ өкілдерінен түсіпті.


© Алматы облысы ТЖД

Еске сала кетейік, Алматы облысында 27 қаңтарда тікұшақтың жоғалып кеткені хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай