1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы облысында автобус аударылды

Алматы облысында жолаушылар автобусы аударылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті, олардың ішінде екеуі бала және біреуі жүкті әйел.

Апат Іле ауданында 22 тамызда таңғы уақытта бөгет арқылы өтіп, Алматыдан саяжайға жеткізетін жолда болған. 

"Ешкім ауыр жарақат алмады. Алайда олар Іле ауданындағы ауруханаға жеткізілді", - деді Алматы облыс әкімінің баспасөз қызметшісі Ғалымұрат Жүкел. 

Сондай-ақ, автобустың Алматы автопарктерінің бірінің иелігінде екені анықталып отыр.

Доллар арзандады
Доллар арзандады