30 қараша 2017 15:53

Алматы облысында әйел төрт баласын неліктен жалдамалы пәтерге тастап кеткенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткен әйелді іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полицейлері төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткен әйелді іздеп тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еңбекшіқазақ ауданының қамқоршылық органының өкілдері төрт баланы аудандық ауруханаға жеткізген соң полициядағылар әйелді іздестіру жұмыстарына кірісті. Балалардың үлкені - 7 жаста, кішісі - 10 айлық.

Әйелді іздеп табуға жалдамалы пәтердің иесі көмектесті. Жалға берушілердің айтуынша, ол пәтерді ер адаммен жалдап тұрған. Балалардың анасы Алматы облысы Шелек ауылынан табылды.

26 жастағы полициядағыларға жолға ақшасы болмағандықтан қайтып келе алмағанын айтып түсіндірді.

Қамқорлық органдарындағылар әйелді ата-ана құқығынан айыру үшін құжаттарды дайындап жатыр.

"Көршілерінің арқасында қайғылы жағдайдан аман қалдық. Олар балалардың жылап жатқанын естіп, үйге барған. Онда тәулік бойы ештеңе ішпеген, ештеңе жемеген 10 айлық нәресте мен оның әпкелерін көрген. Біздің өкілдер онда келгенше көршілері балаларды тамақтандырған. Олардың үйінде жылу істемей тұрған", - деді аудандық білім бөлімінің қызметкері Алмагүл Дүйсебаева.

Әйелді ата-ана құқығынан айыру мәселесін жақын арада аудандық кәмелетке толмағандарға арналған комиссия қарастыратын болады.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында әйелдің төрт баласын жалдамалы пәтерге тастап кеткені хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети