28 қыркүйек 2019 16:51

Алматы облысында балалар мінген автобус жолдан шығып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы облысында балалар мінген автобус жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне слітеме жасап. 


Алматы облысында балалар мінген автобус жолдан шығып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне слітеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, жол-көлік оқиғасы салдарынан 8 оқушы мен бір мұғалім зардап шекті. Автобуста 47 оқушы болған. 

"Алматы облысы Жамбыл ауданының аумағында Қопа станциясына жақын жерде мектеп оқушыларын тасымалдайтын автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады. Алдын ала мәліметтер бойынша, Алматы қаласының № 134 мектеп-гимназиясының 47 оқушысы отырған автобус, ауыл жолымен жүріп, кенеттен пайда болған кедергіні (жолға жылқы атып шыққан) айналып өтпекші болып, жолдан шығып кеткен. Салдарынан сегіз оқушы мен бір мұғалім жарақат алды. Бес бала Ұзынағаш ауылының аудандық ауруханасына жеткізілді. Тағы үш оқушы мен мұғалім Дегерес ауылының фельдшерлік пунктінің автокөлігімен медициналық мекемеге жеткізілді", - деп түсіндірді ҚР ІІМ өкілдері. 

Жол апаты дерегі бойынша тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиға орнында патрульдік полиция, ТЖМ қызметкерлері мен медицина қызметкерлері көмек көрсетіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети