17 шілде 2014 19:01

Алматы облысында бөгетті су бұзып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқиға орнынан фото. ©Tengrinews.kz Оқиға орнынан фото. ©Tengrinews.kz

Алматы облысында бөгет бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz обылыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы облысында бөгет бұзылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz обылыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Талғар ауданындағы бөгетті Астана уақыты бойынша шамамен 13:00-де су бұзып кеткендігі мәлімденді. Судың ағу жылдамдығы секундына 40 текше метрді құрайды.

Баспасөз қызметі оқиға болған маңайда тұрғын үйлер жоқ екендігін мәлімдеді. Бөгеттің тура сол тұсынан үш жарым шақырым жерде балалар лагері орналасқан екен. Алайда ТЖД ол жерді су басып кету қаупі жоқ екендігін мәлімдеді.

Бөгет бұзылған жерге Қазақстан ТЖМ тікұшағы ұшып кетті. Соңғы ақпаратқа сай, құтқарушылар жағдайды толықтай өз бақылауларына алған. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, 31 наурызға ауған түнде Көкпекті ауылында бөгет бұзылған болатын. Шамамен 300 үйді су басып қалған. Онда құрбан болғандар да болды – бес адам көз жұмған. Құқық қорғау органдары бөгеттің бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғаған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети