21 маусым 2016 12:27

Алматы облысында дамбаны су шайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook/ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі © Facebook/ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі

Алматы облысында дамбаны су шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап. Оқиға 19 маусымда болған.


Алматы облысында дамбаны су шайып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесіне сілтеме жасап. Оқиға 19 маусымда болған.

"Алматы облысының Панфилов ауданында күндізгі уақытта ауа температурасының жоғарылауынан жауған жаңбыр мен таудағы қардың қарқынды түрде еруінің әсерінен Борохудзир өзенінде судың деңгейі көтерілді. Қаптардан салынған уақытша орнатылған дамбаның орнында ұзындығы 15 метрлік дамбаны су шайды. Көктал-Арасан ауылында өзенге жақын орналасқан шаруа құрылыстарын су басу қаупі бар, 12 үйдің тұрғындары эвакуацияланды. Сонымен қатар ағаш көпір бұзылды. Борохудзир өзенінің су деңгейі таңға жуық екі есе төмендеді", - деп хабарлады "Қазселденқорғаудағылар".

Сонымен қатар, Алматы облысындағы Еңбекшіқазақ ауданында автожол көпірінің тіреуін су шайды. "2016 жылдың 19 маусымында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы Есік өзенінің аңғарын қарау барысында "Қазселденқорғау" ММ мамандары Есік қаласының автожолының 9-шы шақырымында ("Восток-Энергия" ЖШС маңы) Есік өзені автожол көпірінің екі жағындағы тіреуішін су шайғанын анықтады. Су шаюдың себебі - таулы аймақтардағы қардың еруінен Есік өзеніндегі судың деңгейінің көтерілуі", - деп хабарлады мемлекеттік мекемедегілер. 


© Facebook/ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесі

Ведомствоның мәліметінше, автожол көпірі бұзылуы мүмкін деген қауіп бар. "Бұл мәлімет шара қабылдау үшін Алматы облыстық ТЖД-ға, Еңбекшіқазақ ауданының әкіміне, Еңбекшіқазақ аудандық ТЖБ-ға, ҰҚК-ға, Еңбекші қазақ аудандық ІІБ-ге жолданды, көпір "Қазавтожол" пайдалануында", - делінген ҚР ІІМ "Қазселденқорғау" мемлекеттік мекемесінің хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети