31 шілде 2018 13:58

Алматы облысында ер адам 3 жасар қызды ұрлады: Куәгерлер оқиғаның мән-жайын айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация © kievpravda.com Иллюстрация © kievpravda.com

Алматы облысы Көктерек ауылының тұрғындары мешіт маңында ұрланған үш жасар қызды қалай құтқарып қалғандарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы облысы Көктерек ауылының тұрғындары мешіт маңында ұрланған үш жасар қызды қалай құтқарып қалғандарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ирина Дриганың айтуынша, бұл оқиға шамамен түнгі сағат 22.00-де болған. Сол кезде ол отбасымен бірге үйге қайтып бара жатып, жол-жөнекей көршісін кездестіріп қалған. Сонда екеуі әңгімелесіп тұрғанда баланың айғайын естіген. Ер адамдар шамды ала жүгіріп, айғай шыққан жерге қарай барған.

"Олар сол жаққа қарай ұша жөнелді. Бір қарасақ ер адам көрінді. Бірақ қараңғы болды, аса ештеңе көрінбеді. Ол өте алыста тұрды, ұстап үлгермедік. Баланың жанына бардық. Қыз бала екен, ақ жейде, қара шалбар киген, қолында сағызы бар. Ер адам сол сағызбен алдаған болуы мүмкін. Сөйтіп қыздан аты-жөнін, анасының аты кім екенін сұрай бастадық, бірақ ол сөйлемей қойды. Кейінірек қыздың әкесінен оның дұрыс естімейтінін білдік. Оған құлағына жақында ота жасалған екен", - дейді Ирина Дрига.

"Кейіннен бізге көршілеріміз келіп, учаскелік полицейдің қайда тұратынын білетіндерін айтты. Содан біз ер адамды іздестіріп, жасақты шақыру үшін үйіне бардық. Учаскелік полицейге бара жатқан жолда мешіт маңында бір топ адам тұрды. Онда баланың жоғалғаны айтылып жатқан екен. Сосын бізге қыздың әкесі келді. Жылап, қызына қарай жүгірді. Әкесі сол сәтте мешітте болғанын, ал қызы артында отырғанын айтты. Бірақ ол қыздың қалай шығып кеткенін түсінер емес", - дейді әйел.

Иринаның айтуынша, олар оқиға орнына келген полицейлерге ер адамның қай бағытта кеткенін көрсеткен.  Оның ұсталғаны жайлы таңертең БАҚ-тарда жарияланған. Сондай-ақ, әйел 40 минут бойы 102 нөміріне хабарласа алмағандары үшін наразылығын білдірді.

"Күйеуім іссапарларға жиі кетеді. 40 минут бойы 102 нөміріне хабарламаса алмағанымыз үшін қатты қорқамын", - дейді Ирина Дрига.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Байсерке ауылында 56 жастағы ер адамның үш жасар қызды ұрлап әкетіп, жасырынғаны хабарланған болатын. Кейіннен ол Қапшағай ауданынан табылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети