Алматы облысында жер сілкінді

27 Тамыз 2014, 15:28
0
Алматы облысында жер сілкінді - ©maps.yandex.ru
©maps.yandex.ru

Алматы облысында магнитудасы 3,5-ке тең жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясына сілтеме жасап.

Жерасты дүмпулері 27 тамыз күні жергілікті уақыт 12.50-де тіркелді. Эпицентрі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 359 шақырымда, Сарқан қаласы маңында анықталды. Сілкіністің сезілгені туралы мәлімет жоқ. 

Еске сала кетейік, 25 тамыз күні Алматы облысында магнитудасы 4,3-ке және 4,1-ге тең екі жер сілкінісі болған еді. Сейсмологтердің мәліметінше, магнитудасы 4,3 болатын алғашқы жер сілкінісі 24 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 23.15-те тіркелді. Жерасты дүмпулерінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 277 шақырымда орналасқан. Магнитудасы 4,1 болатын екінші жер сілкінісі сағат 23.44-те алғашқы дүмпу ошағынан бір шақырым қашықтықта тіркелді. Тербелістің салдарынан зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ.

16 тамызда Алматыдан 41 шақырым қашықтықта магнитудасы 5,2-ге тең жер сілкінісі болды. Оның эпицентрі оңтүстік астананың шығыс жағында орналасқан. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай