06 қаңтар 2017 16:35

Алматы облысында жоғалған кәсіпкердің ісі "Адам өлтіру" бабы бойынша жүргізіліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Валерий Харланов © Валерий Харланов

Полиция Алматы облысында кеткен кәсіпкер Валерий Харлановтың іс-түссіз жоғалып кетуіне байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша іс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Полиция Алматы облысында кеткен кәсіпкер Валерий Харлановтың іс-түссіз жоғалып кетуіне байланысты "Адам өлтіру" бабы бойынша іс жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ер адамның іс-түссіз жоғалып кетуіне байланысты, біз 22 желтоқсанда сотқа дейінгі тергеу шараларын ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы ("Адам өлтіру") бойынша жүргізуді бастадық", - деді Алматы облысының ІІД-нің баспасөз қызметіндегілер. 

Осыған қарамастан, полицейлер Харлановты тірі күйінде табамыз деген үмітте. Оғае іздеу салынғаны туралы еліміздің барлық өңіріндегі ішкі істер департаменттері хабарландырылды. Ер адамға республикалық іздеу жарияланды. 

"Қазіргі уақытта біз куәгерлерден сұрау алып, оны соңғы рет қайда көргенін анықтап жатырмыз. Біздің іздеу топтарымыз Қазақстанның бірнеше облысында іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, Іле аудандық ІІБ-нің криминалдық полиция қызметкерлері мен облыстық криминалдық полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге іздеу шараларын жүргізіп жатыр", - деді баспасөз қызметіндегілер. 

Жоғалған кәсіпкердің қызы Кристина Харланованың айтуынша, соңғы мәлімет бойынша, тергеушілер екі адамнан сұрау алған. 

"Соңғы мәлімет мынадай болды: екі адамды екі рет ұстап, босатып жіберген. Енді оларды таппай отыр, ал біз болсақ сол адамдардың қатысы барын бірден айтқанбыз. Соңғы рет олардың арасында төбелес шыққан, солар ең соңғы рет көрген. Біздің ойымызша, осы іске онымен бірге тұрған әйелдің де және әйелдің ағасының да қатысы бар болуы мүмкін", - деді ол. 

Харланованың айтуынша, соңғы рет оның әкесін Қапшағай маңында орналасқан бір ауылдағы дүкеннің қасынан көргендер бар. 

Харланованың айтуынша, полиция еш әрекет етіп жатқан жоқ. 

"Біздің телефондарымыз тыңдалады екен. Менің ағам анаммен сөйлескенде, мен журналистерге барамын деп шештім. Тергеушілер бізге ештеңе айтпайды, тергеудің құпиялылығына сілтеме жасайды. Тергеуші бізді көрсе қашады. Біз таң азанымен келіп, кеш қайтамыз оның кабинетінің алдында. Алайда біз барлығымыз әкемнің тірі екеніне сенімдімін", - деді қыз. 

39 жастағы Валерий Харланов желтоқсан айының басында белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Валерийдің көлігі ашық қалған. Көлік салонында қан және қол іздері табылған. Автокөлікте оның құжаттары болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети