28 қаңтар 2016 09:28

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеу орнының алғашқы суреттері пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеу орнының алғашқы суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК арнайы өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.


Алматы облысында жоғалып кеткен тікұшақты іздеу орнының алғашқы суреттері пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК арнайы өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап.

Комитет өкілінің айтуынша, тікұшақты іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Іздеу жұмыстары жүріп жатқан жерлерде ауа райы әлі де нашар: тұман, айналаны көру мүмкіндігі нашар.

Иманқұлов тікұшақты іздеу жұмыстарына жергілікті тұрғындардың да тартылғанын айтты. Іздеу жұмыстарына 18 топтың жұмылдырылғаны белгілі болды. Комитет өкілінің айтуынша, Ескелді ауданының Ақтұма ауылында байланысты қамтамасыз ететін және іздеу жұмыстарын ұйымдастыратын арнайы штаб жұмыс істеп жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін Алматы облысында тікұшақтың жоғалып кеткені жайлы хабарланған еді. Комитет өкілдері 27 қаңтарда Астана уақыты бойынша 17.47-де Алматы облыстық ТЖД-ның Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметіне 15.45-те Алакөл ауданындағы Үшарал қаласынан Талдықорғанға қарай ауруханаға "Аспан" акционерлік қоғамының меншігіндегі UP-MD 600-N азаматтық тікұшағының науқас баланы алып шыққаны туралы хабарлама келіп түскенін айтқан болатын.


© ҚР ІІМ ТЖК

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети