16 мамыр 2017 18:38

Алматы облысында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

иллюстрациялық сурет иллюстрациялық сурет

Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Байсейіт ауылының маңында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Алматы облысында Еңбекшіқазақ ауданы Байсейіт ауылының маңында жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам зардап шекті, оның екеуі қайтыс болды. Жол апаты "Алматы-Көкпек-Көктал" тасжолының 131-ші шақырымында болған. Тергеу барысында жүргізушінің көлікті мас күйінде жүргізгені анықталды. 

Жол апаты болған жерден қашып кеткен жүргізушіні полицейлер ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамаған. 

"Куәгерлерден жауап алу кезінде көліктің маркасы "Дэу Нексия" екені анықталды, оның түсі де ерекше болған. Жедел-тергеу шаралары барысында осы шетелдік көлік Алматыға кіреберісте анықталып, ұсталған. Көлік тізгінінде Еңбекшіқазақ ауданының тұрғыны, 1986 жылғы азамат болған. Сот-медициналық куәландыру қорытындысы бойынша оның алкогольдік ішімдік ішкені анықталды", - деді облыстық ІІД өкілдері. 

Оқиға орнында бір әйел адам қаза тапты. Ауруханаға жеткізілген екі ер адамның бірі кейінірек көз жұмды. Үшінші адам ауруханаға жатқызылды. Полиция жол апаты дерегіне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша іс жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети