03 маусым 2019 11:01

Алматы облысында жол апаты салдарынан екі адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24"


Алматы облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі адам қаза тауып, үшеуі ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды "Хабар 24"

Алматы облысы Талғар тас жолындағы жол апатының салдарынан екі адам қаза тапты. ZAZ маркалы көлік қарсы жолаққа шығып кетіп, Toyota макаралы автомобильмен соқтығысқан. Жойқын соққы жапондық темір тұлпардың жолаушылар отыратын бөлігінен соққан. Екі көлік жан-жаққа ұшып, күл-талқаны шықты.

Оқиға салдарынан  "Тойотаның" екі жолаушысы бас-сүйегінен қатты жарақат алып, сол жерде көз жұмды. Тірі қалған қос көліктің жүргізушісі мен бір жолаушының жағдайы ауыр. Олар ауруханада емделіп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети