01 қазан 2017 13:31

Алматы облысында көппәтерлі үйде шыққан өртті сөндіруге екі сағаттай уақыт кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Алматы облысының Жансүгіров ауылындағы көппәтерлі үйде шыққан өртті сөндіруге екі сағаттай уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт салдарынан үйдің шатыры мен екінші қабатта орналасқан сегіз пәтер зардап шекті. 


Алматы облысының Жансүгіров ауылындағы көппәтерлі үйде шыққан өртті сөндіруге екі сағаттай уақыт кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Өрт салдарынан үйдің шатыры мен екінші қабатта орналасқан сегіз пәтер зардап шекті. 


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

"2017 жылы 1 қазанда шамамен таңғы 8-де Жансүгіров ауылында тұрғын үйде өрт шыққаны хабарланды. Ауыл облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан. Хабар түскеннен кейін, бірден өрт болған жерге Жансүгіров ауылының № 25 өрт сөндіру бөлімі жіберілді. Өрт аймағына баруға үш минут уақыт кеткен. 32 адам эвакуацияланған. Жеке құрам мен Талдықорған қаласының жедел тобы көтерілді", - деді ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Оқиға орнына 30 шақырым жерде орналасқан Сарқанд ауылынан бөлімдер жіберілді.

"Өрт сөндірушілер келгенде жағдай мынадай болған: ағашпен қапталған шатыр өртеніп, екінші қабатқа жайылған. Үйдің төрт кіреберісі бар және 16 пәтерден тұрады. 1959 жылы салынған. Өрттің басқа да ғимараттарға көшпесі үшін, алдына алу шаралары істелінді", - деді Руслан Иманқұлов. 


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

Өрт сөндіруге жеке құрамның 7 адамы ат салысты, әкімдіктің автокраны мен су тасығыш көлігі жұмылдырылды.


ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі

"Өрт салдарынан үйдің шатыры мен екінші қабаттағы сегіз пәтер бүлінді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоұ. Шатырдағы өрттің аумағы - 440 шаршы метр, пәтерлер бойынша - 347 шаршы метр. Өрт 09:51-де сөнідірілді", - деп қорытындылады Руслан Иманқұлов. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети