1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Тосын жай

Алматы облысында Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды 06 қаңтар 2015, 18:21

Тексеру барысында олардың қолында Қазақстан Республикасында болуға рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото knb.kz сайтынан алынды Фото knb.kz сайтынан алынды

Алматы облысында жүргізілген рейд кезінде Қытайдың заңсыз жүрген 33 азаматы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне сілтеме жасап. 

Қытай азаматтары Шекара қызметінің "Шығыс" өңірлік басқармасының "Шарын" ауылында орналасқан "GPP- Қазақстан" газ құбырлары фирмасында заңсыз жұмыс істеген. Тексеру барысында олардың қолында Қазақстан Республикасына келуге рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.

"Қазіргі уақытта тексеру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Еске сала кетейік, 2014 жылы қарашада Tengrinews.kz Қазақстан шекарашыларының заң бұзған 270-тен астам адамды ұстағанын хабарлаған болатын, олардың жетеуі - Қытай азаматы. Сонымен қатар Атырау облысында 2014 жылдың жазында Қытайдың 10 азаматы ұсталып, екі күнге қамалды. Олардың да қолында Қазақстан Республикасында жүруге рұқсат беретін құжаттары болмай шықты.