Алматы облысында Іле өзеніен 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Алматы облысында Іле өзеніен 31 жастағы ер адамның мәйіті табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік ТЖД өкілдеріне сілтеме жасап.
Ведомстводағылардың мәліметінше, ол 2017 жылы 28 тамызда Жиделі аумағында табылған. "Іздеу шараларына үш сүңгуір мен 15 ТЖД қызметкері жұмылдырылды", - деді ведомство өкілдері.
Ер адамның жоғалып кеткені туралы осыдан екі күн бұрын белгілі болған. Instagram желісіндегі kris_p_almaty парақшасында хабарландыру жарияланды.
"Менің інім жоғалып кетті - Нұрбаев Біржан Ерболатұлы, 1986 жылғы. Болжаммен, ол 25 тамызда шамамен 18-бен 20 сағат аралығында Алматы облысы Панфилов ауданы Құндызды елді мекенінде демалыс кезінде Іле өзенінде суға кеткен. Тірі болуы да мүмкін", - делінген еді туыстарының хабарламасында.
kris_p_almaty аккауынтынан скриншот