25 сәуір 2019 | 09:26

Алматы облысында оқушы қыз сыныптасының көзіне қалам тығып алды

Видеодан алынған кадр. © "Еуразия бірінші арнасы"

Алматы облысында сыныптасы көзіне қалам тығып алған оқушы соқыр болып қала жаздады, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматы облысында сыныптасы көзіне қалам тығып алған оқушы соқыр болып қала жаздады, - деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

Телеарнаның мәліметінше, оқушы қыз сыныптасының көзінің қарашығын тесіп, түрлі-түсті түстерді анық көретін жанардың пердесін жыртып жіберген. Ал мектеп басшылығы көзі қызарған балаға жедел жәрдем шақырмай, үйіне қайтара салған. Ата-анасы болса, түн ішінде "көзім көрмейді" деп қайта-қайта шағымданған баласын бір тәуліктен соң ауруханаға апарған. 

Реклама
Реклама

Бір-бірімен келіспей қалған 7-сынып оқушылары Қарасай ауданы Береке ауылындағы мектептердің бірінде оқиды екен. Ұлан Даниярұлының көзіне сыныптас қызы мазақтағаны үшін қалам лақтырып жібереді. Ол тура көз қарашығын жыртып жіберген.

"Жұмыстан түнгі он жарымдарда келемін, баламды сол кезде көрдім. Көзі ауырып жатқан, қызарып, ісіп кеткен. Ертесіне баланы ауруханаға апардым. Ота жасауға жіберді. Күні кеше бір медбикесі табылмаған мектептің іші бүгін ығы-жығы. Ауданнан келген мамандар балаларды медициналық тексерістен өткізуде. Учаскелік полицейлер де біртіндеп әрқайсын тергеуге алып жатыр. Ал білім ордасы директорын оқушысының соқыр болып қала жаздағаны емес, сайлау маңыздырақ сияқты. Жұмыс орнында жоқ. Есесіне, көзін сулап, бір бинтті орап үйіне қайтарған сынып жетекшісі кінәсін мойындап отыр", - дейді зардап шеккен баланың анасы Татьяна Машадилова.

"Роговицасына тиген, зақым болған. Бірақ ота кезде бәрін орнына тігіп қайта қалпына келтірдік. Қазір баланың көзік көреді, ем керек. (...) Өйткені, бір рет жыртылған қарашық тағы жыртылмауына кепілдік жоқ", - дейді Қалалық балаларға шұғыл медициналық көмек көрсету орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхаммед Рузуддинов.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная